2 күн бұрын

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында жарысын аяқтады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында жарысын аяқтады

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушылары Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында ел намысын қорғады. Ритмикалық биден кейін қазақстандық жұп 12-орында тұрған еді.

Еркін бағдарламада 84,95 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Датиев пен Наурызова 137,34 ұпай жинап, жалпы есепте 12-орынды иеленді.

АҚШ өкілдері Эмилия Зингас пен Вадим Колесник (202,86 ұпай) жарыста жеңіске жетті. Кэролайн Грин мен Майкл Парсонс (АҚШ) 194,72 ұпаймен күміс жүлде еншіледі. Қола медаль Уна Браун мен Гейдж Браунға (АҚШ) бұйырды - 190,78 ұпай.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!