2 күн бұрын

Каратэден Түркиядағы турнирге кімдер барады?

Каратэден Түркиядағы турнирге кімдер барады?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Түркияның Ыстанбұл қаласында 23-25 қаңтар аралығында WKF каратэден 2026 жылдың алғашқы Премьер-лига санатындағы бәсекесі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем рейтингінде әр салмақта үздік 32 спортшы ғана қатыса алатын бұл жарысқа Қазақстан әдеттегідей ауқымды командамен барады. Назарыңызға Ұлттық құрамасы тізімін ұсынамыз:

Әйелдер (кумите):

Айшабибі Шарахан (-55 кг)

Бэлла Самашева (-55 кг)

Әсел Қанай (-61 кг)

Айжан Бәкірова (-61 кг)

Дайяна Даренская (-68 кг)

Софья Берульцева (+68 кг)

Ерлер (кумите):

Дархан Теміралиев (-60 кг)

Жоламан Биғабыл (-60 кг)

Еркінбек Байтореев (-67 кг)

Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

Әлихан Қадырғали (-84 кг)

Диас Анарбеков (+84 кг)

Диас Ұлбек (+84 кг)

Ыстанбұлдағы жарыста барлығы 65 елден іріктелген 382 каратэ шебері күш сынасады. Жекпе-жектерді Халықаралық каратэ федерациясының YouTube арнасы (World Karate Federation) тікелей эфирде көрсетеді. 


Біздің серіктес: Бізге тіркел!