22 сағат бұрын
Қазақстандық спортшы Германиядағы әлем кубогында төртінші орын алды
Германияның Инцель қаласында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының соңғы кезеңі өтіп жатыр. Ерлер арасындағы 500 метрлік қашықтықта Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин жарысқа қатысты.
Қазақстандық спортшы 34,34 секунд көрсеткішпен аяқтап, жалпы протоколда төртінші орынға табан тіреді, жүлделі үштікке кіре алмады.
Жарыстың жеңімпазы Польша өкілі Дамиан Журек (34,09) болды. Екінші орын америкалық Джордан Штольцқа (34,26), үшінші орын эстон Мартен Лийвке (34,29) бұйырды.
Айта кетейік, Инцельдегі әлем кубогының кезеңі конькимен жүгірушілер үшін 2026 жылғы Олимпиадаға дейінгі соңғы ірі халықаралық жарыс болып саналады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!