20 сағат бұрын

Михаил Шайдоров Бейжіңдегі турнирде үздік төрттікке енді

Михаил Шайдоров Бейжіңдегі турнирде үздік төрттікке енді

Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сырғанау бәсекесі басталды.

Бұл сында Қазақстан құрамасының намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғауда.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров төрешілерден 90,55 ұпай алып, аралық есепте төртінші орынға тұрақтады. Диас Жиренбаев 63,90 ұпаймен 19-орынды иеленсе, Олег Мельников 58,96 ұпай жинап, 21-сатыға орналасты.

Айта кетейік, үш қазақстандық спортшы да еркін бағдарламаға жолдама алды. Ол үшін үздік 24 спортшының қатарына кіру қажет еді.

Көш басында жапониялық Као Миура (98,59 ұпай) тұр. Одан кейін Кадзуки Томоно (97,19) мен Сота Ямамото (94,68) орналасқан.

Еркін бағдарлама 25 қаңтар күні өтеді. Михаил Шайдоров бұл турнирге қазіргі чемпион мәртебесінде қатысып жатыр.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!