5 күн бұрын

Серік Сәпиев пен орынбасарының дауы 30 қаңтарда шешіледі

Серік Сәпиев пен орынбасарының дауы 30 қаңтарда шешіледі

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қарағанды қаласындағы спорт нысандарының бірінде Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасында болған жанжалдың нүктесі 30 қаңтар күні қойылады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал туындаған еді. Бұған байланысты мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент тексерістің шешімі алдағы жұма күні, яғни, 30-қаңтарда сағат 11:00-де өтетін тәртіптік кеңестің жиынында жарияланады.

Бұған дейін желіде Сәпиевті кабинеттен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия мен әлем чемпионаттарының жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы Есімхановтың итеріп шығарып жатқан видеосы тараған болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!