4 күн бұрын
SENAT OPEN 2026 турнирінің іріктеу сайыстары елордада өтеді
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-ның Астана қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен елордада Senat Open 2026 іріктеу турнирлерінің сериясы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Турнирге шахмат жаттықтырушысы болып жұмыс істемейтін, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Эло рейтингі 2000-нан төмен әуесқой шахматшылар қатыса алады.
Бұл KazChess / Қазақстан шахмат федерациясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған ауқымды республикалық жобасы. Турнир идеясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың бастамасымен жүзеге асып, KazChess федерациясының президенті Тимур Русланұлы Турловтың қолдауына ие болды.
Senat Open 2026 турнирі жалпы 4 кезеңнен тұрады. Астана қаласында түрлі кәсіби салалар өкілдері арасында 7 іріктеу кезеңі өткізіледі:
7 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында
8 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — ардагерлер арасында
14 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — ғылым және білім беру саласы қызметкерлері арасында
15 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — мәдениет және өнер саласы қызметкерлері арасында
21 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында
22 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері (БАҚ) арасында
28 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — күштік және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өтеді.
Финалдық кезең 2026 жылғы 29 тамызда Астана қаласында өтеді.
Барлық турнирлер, соның ішінде финал, швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.
Ойын уақытының бақылауы: 10+5 (әр партияға 10 минут және әр жүріске 5 секунд қосылады, бірінші жүрістен бастап).
Біздің серіктес: Бізге тіркел!