3 күн бұрын

Қазақстан құрамасы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынайды

Қазақстан құрамасы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынайды

Қазақстандық спорттық гимнастикашылар Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады. Команда құрамына кірген спортшылар:

  • Нариман Құрбанов – ат снарядындағы жаттығулар;
  • Милад Карими – керме және еркін жаттығулар;
  • Дмитрий Патанин – сақиналар, қоссырық және еркін жаттығулар;
  • Диас Тойшыбек – қоссырық және кермедегі жаттығулар;
  • Зейнолла Ыдырысов – ат снарядындағы жаттығулар.

Турнир 19-22 ақпан аралығында Германияның Котбус қаласында өтеді.

Қазақстан спортшылары бұл додада өз шеберліктерін көрсете отырып, медальдар үшін бақ сынайды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!