2 күн бұрын

Биатлоннан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Биатлоннан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Фото: Қазақстан ҰОК

Шушенде (Норвегия) биатлоннан Еуропа чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнир аясында ерлер арасында спринт жарысы өтті. Қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

- Александр Мухин - 42-орын

- Вадим Куралес - 78-орын

- Кирилл Бауэр - 83-орын

- Никита Акимов - 95-орын

- Иван Дарьин - 104-орын

- Егор Гребенщиков - 116-орын

Франция өкілі Дамьен Леве жеңіске жетті. Норвегиялық Исак Фрей екінші нәтиже көрсетті. Ал франциялық биатлоншы Гаэтан Патюрель үшінші болып мәреге жетті.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!