3 күн бұрын
Қазақстан қыздар құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатында қола алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Шорт-тректен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем чемпионатында медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз қыздар арасында эстафетада (3000 метр) қола жүлдеге ие болды. Құрама сапында Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина болды.
Жеңіс тұғырына Оңтүстік Корея көтерілсе, қытыайлық спортшылар күміс жүлдеге ие болды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!