2 күн бұрын

Қазақстандық спортшы Солт-Лейкте қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық спортшы Солт-Лейкте қола жүлдеге ие болды

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстанға бұл медальді Богдан Вехов алып келді. Ол 1000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетіп, мәреге 1:24.177 уақыт нәтижесімен жетіп, қола жүлдеге ие болды.

Аталған қашықтықта жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына оңтүстіккореялық Пак Соджун (1:23.802) көтерілсе, күміс жүлдені қытайлық Юйхэн Ли (1:23.903) еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның қыздар құрамасы эстафеталық жарыста үшінші орын алған болатын.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!