2 күн бұрын
Түркістанда таеквондодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
Түркістанда 5-8 ақпан күндері таеквондодан (WT) жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен еліміздің 17 облысынан 732 жас таеквондошы қатысады деп жоспарланған.
Ел біріншілігінің нәтижесінде сәуір айында Ташкентте өтетін Жастар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы жасақталады.
Қазақстан чемпионаты Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!