2 күн бұрын

Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Гран-при турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Гран-при турниріне қатысады

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ірі халықаралық жарыста ел намысын алты спортшы қорғайды.

Ұлттық құрама сапына Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов, Тамирлан Қалиев, София Актаева, Алёна Гноева және Күлжан Түсіпбекова енді.

Гран-при турнирі 5-7 ақпан аралығында өтеді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!