2 күн бұрын

 Қазақстан құрамасы биатлоннан Еуропаның ашық чемпионатын жүлдесіз аяқтады 

 Қазақстан құрамасы биатлоннан Еуропаның ашық чемпионатын жүлдесіз аяқтады 

Фото: Қазақстан ҰОК

Шушен қаласында (Норвегия) биатлоннан Еуропаның ашық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Халықаралық турнирдің соңғы жарыс күнінде эстафеталық сайыстар өтті.

Ерлер арасында Норвегия құрамасы жеңіске жетті. Германия екінші орын алса, Франция үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан құрамасы сапында Вадим Куралес, Александр Мухин, Никита Акимов және Кирилл Бауэр өнер көрсетіп, 16-орынды иеленді.

Әйелдер арасындағы жарыста алтын жүлдені Франция құрамасы жеңіп алды. Германия екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Норвегия үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы 15-орынға жайғасты. Ел намысын Арина Крюкова, Мария Польдяева, Кристина Титиевская және Лаура Киныбаева қорғады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!