2 күн бұрын
«Астана» велошабандозы Сауд Арабиясындағы көпкүндікте күміс алды
Фото: xds_astana_team
XDS Astana Team командасының шабандозы Серхио Игита Сауд Арабиясында өткен «АльУла Тур» көпкүндік жарысының жалпы есеп қорытындысы бойынша екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сауд Арабиясында өткен көпкүндік жарыстың ұзындығы 163,9 шақырымды құраған шешуші бесінші кезеңі Харрат-Увайрид биіктігіне көтерілумен аяқталды. Дәл осы сында жалпы есептің қорытындысы белгілі болды. Қашықтық барысында Игита жаппай құлауға тап болғанымен, жарысты жалғастырып, соңғы жағында белсенді күрес жүргізді және қарсыластарынан үзіліп көруге талпынды. Нәтижесінде ол кезеңді алтыншы болып аяқтап, жалпы есепте екінші орын иеленді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!