1 күн бұрын
Қазақстан таэквондо турнирінде үш медаль жеңіп алды
Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан халықаралық таэквондо турнирінде Қазақстан құрамасы үш медальға ие болды.
Бронза медальдары мына спортшыларға бұйырды:
- Бахадыр Шапулатов (54 кг дейін)
- Максат Орынбасар (74 кг дейін)
- Нұрлан Мырзабаев (87 кг дейін)
Айта кетейік, турнирге 50 елден спортшылар қатысуда. Қазақстандық спортшылар жарыстағы сенімді ойындарымен көзге түсті.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!