23 сағат бұрын
Валерий Рахымжан Азия чемпионатында алғашқы жүлдені алды
Бүгін Үндістан астанасы Делиде нысана көздеуден Азия чемпионатының бірінші жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ерлер арасында 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахымжан күміс жүлдегер атанды. Ол финалда 241 ұпай жинады.
Ерлер (ересектер), тапанша 10 м. Финал нәтижесі:
1. Владимир Свечников (Өзбекстан) 242 балл
2. Валерий Рахымжан (Қазақстан) 241 балл
3. Самрат Рана (Үндістан) 220,3 балл
8. Кирилл Федькин (Қазақстан) 117.5 балл
Айта кетейік, таңертең іріктеу кезеңінде Валерий 5-ші, Кирилл 10-орынмен ақтық сынға шыққан. Ал командалық сайыс нәтижесінде Қазақстан ерлер құрамасы (Рахымжан, Иманқұлов, Федькин) қола жүлдеге ие болды.
Осы дисциплинада әйелдер арасында 3 отандасымыз - Валерия Попелова, Сәуле Әлімбек пен Нина Старова сынға түсті. Алайда ешқайсы финалға өте алмады.
Алғашқы жарыс күнінен кейін Қазақстан қоржынында 1 күміс, 1 қола жүлде бар.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов