6 сағат бұрын

Астанада жаңа стадионның құрылысы ақашан аяқталады

Астанада жаңа стадионның құрылысы ақашан аяқталады

Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Биыл Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Нысанды пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың бірінші тоқсаны. 

Нысанның құрылысы Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі, 14 мекен-жайы бойынша қарастырылған. Нысанның құрылыс алаңы 15 мың шаршы метрден асады.

Болашақ стадионның ғимараты 3 600 адамға арналған үш қабатты болады. Стадион батыс және шығыс жағында әр түрлі қабаттағы екі блоктан тұратын жабық ғимарат болады, оның үстіне металл арка қосылған.

Жобаның құрылысына тапсырыс беруші «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ, бас жобалаушы – «Құрылысконсалтинг ҰО» АҚ Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалы. Жобаны 16 айда аяқтау жоспарлануда.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!