2 күн бұрын
Қазақстандықтар киноны сәрсенбі күні көбірек көреді: MEGOGO 2025 жылдың үздік фильмдері мен сериалдарын жариялады
Қазақстандықтар киноны сәрсенбі күні көбірек көреді: MEGOGO 2025 жылдың үздік фильмдері мен сериалдарын жариялады

Халықаралық онлайн-кинотеар MEGOGO қазақстандықтардың 2025 жылы ең көп көрген спорт, кино, сериал, мультфильм қорытындыларын шығарды.
«Біз 2025 жылдың қорытындысын жасап, қазақстандықтардың MEGOGO платформасында ең көп көрген контенттің статистикасымен бөлісіп отырмыз. Бұл деректер аудиторияның жанрларға, фильмдерге, сериалдарға, балалар және спорт контентіне деген қызығушылығын көрсетеді», — деді MEGOGO бас директоры Нұрлан Чукубаев.
Төменде — жылдың негізгі инсайттары мен көру ұзақтығы бойынша ең танымал жанрлар мен кино рейтингтерін ұсынамыз.
Жылдың басты экраны — Smart TV

MEGOGO деректеріне сәйкес, платформада пайдаланушылардың шамамен 93%-ы күнделікті контентті Smart TV арқылы көреді.
Үй жағдайында белгілі бір уақытта балаларға арналған мультфильмдер қосылып, кейін ересектерге арналған контентке ауысу байқалады.
- Балалар контентінің прайм-таймы — 20:00
- Жалпы көру прайм-таймы — 21:00
Сәрсенбі — аптаның күтпеген көшбасшысы
Кино мен сериалды Қазақстанда қай күні белсендірек көреді деген сұраққа көпшілік жұма немесе демалыс күндерін атар еді. Алайда MEGOGO статистикасы басқаша нәтиже көрсетіп отыр.
Сәрсенбі — MEGOGO платформасында пайдаланушылар саны ең жоғары болатын күн.
2025 жылғы жанрлар: көрермен шытырман оқиғаларды таңдайды

2025 жылы MEGOGO аудиториясы үйде отырып-ақ “кино-оқиға” әсерін сыйлайтын жанрларды жиі таңдады. Яғни, динамикасы жоғары, көрнекі әрі үлкен экран әсерін беретін контентке сұраныс артты.
2025 жылы жазылымда ең көп қаралған жанрлар:
- Экшн
- Шытырман оқиғалы фильмдер
- Фантастика
Көру ұзақтығы бойынша үздік фильмдер: ірі франшизалар қайтадан көш басында

Тізімге отбасылық кешке де, асықпай бөлімдерін көруге де бірдей жарайтын фильмдер енді. Бұл туындыларды көрермендер ұзақ уақытқа қосып, қайта қарап, соңына дейін тамашалаған.
MEGOGO платформасындағы көру ұзақтығы бойынша топ-фильмдер (жазылымда):
- Аватар
- Мстители: Финал
- Один дома 2: Затерянный в Нью-Йорке
- Гарри Поттер и Принц-полукровка
- Пираты Карибского моря: На краю Света
- Властелин колец: Братство кольца
- Соник 3
- Сумерки. Сага. Затмение
- Аладдин
- Мортал Комбат
2025 жылы көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырған тағы бір санат — жыл жаңалықтары, яғни көрермендер ең көп уақытын арнаған жаңа фильмдер.
2025 жылғы көру ұзақтығы бойынша топ-10 жаңа фильмдер:

- Мастер
- Minecraft в кино
- Мир Юрского периода: Возрождение
- Особо опасный пассажир
- Миссия Невыполнима: Финальная Расплата
- Как Приручить Дракона
- Лило и Стич
- Новичок
- Капитан Америка: Новый мир
- Каратэ-пацан: Легенды
Мультфильмдер: отбасы үшін тұрақты таңдау

2025 жылы мультфильмдер санаты көрермендердің тұрақты қызығушылығын сақтап қалды. Бұл жерде ата-аналар балаларға сеніммен қосатын әрі өздері де қызығып көретін анимациялық туындылар басым.
Көру ұзақтығы бойынша топ-мультфильмдер (жазылымда):
- Зверополис
- Моана (Ваяна)
- Холодное сердце 2
- Корпорация монстров
- Ральф против интернета
- Холодное сердце
- Тайна Коко
- Рапунцель: Запутанная история
- Рататуй
- Король Лев
Сериалдар: көрермендер детектив пен драманы таңдады

Сериалдарда 2025 жылы ырғақ маңызды болды. Тізімнің басында — детектив және драмалық сюжеттер.
Көру ұзақтығы бойынша топ-сериалдар:
- Полдарк
- Пуаро
- Расследования Мердока
- Мышь
- Мост
- Опер по вызову
- Морская полиция: Спецотдел
- Мисс Марпл
- Истинная красота
- Виктория
Азиялық контент: көрермен эмоцияны таңдайды
2025 жылы азиялық жобалар ең көзге түскен нишалардың бірі болып қала берді. Көрермендер оларды эмоциялық тереңдігі, қарқыны және шынайы драмасы үшін таңдайды. Топ-5 қатарына қытай және корей сериалдары енді.
Қытай контенті — танымал топ-5:

- Ветреное место
- Мир задолжал мне первую любовь
- Обратный отсчет для любви (Не стесняйся, милый!)
- Здесь мы встречаемся вновь
- Быть вместе
Оңтүстік Корея контенті — танымал топ-5:

- Укрытие
- Мышь
- Ева
- Цветок, что распускается по ночам
- Монстр
Спорт №1: жылдың ең көп қаралған матчы

2025 жылы MEGOGO платформасында ең көп қаралған басты спорттық оқиға 26 сәуірде өткен, Испания Кубогының (Copa del Rey) финалы, яғни El Clásico — «Барселона — Реал Мадрид» матчы болды.
«Жалпы, 2025 жыл бір нәрсені айқын көрсетті: ресми онлайн-кинотеатр арқылы контент көру көптеген адамдар үшін кештің ажырамас бөлігіне айналды. Оның өз ырғағы, сүйікті жанрлары және көрермендер ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде таңдайтын контенті бар», — деп қорытындылады MEGOGO бас директоры Нұрлан Чукубаев.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!