5 сағат бұрын
Стенд атудан Эвилина Шек Қатардағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Бүгін Қатар астанасы Дохада басталған стенд атудан Amir Cup Гран-при турнирінде отандастарымыз 3 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Скит жаттығуында жасөспірімдер санатындағы жекелей сында Эвелина Шек алтыннан алқа тақты. Финалда бақ сынаған тағы бір спортшымыз Лидия Башарова қоржынға қола медаль салды.
Ал ерлер арасында осы жаттығуда Максим Почивалов ақтық сында 2-ші нәтиже көрсетті.
Grand-Prix Amir Cup жарысы 13 ақпанға дейін созылады. Биыл 30 мемлекеттен 200-ден астам мерген жүлдеге таласты бастады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов