5 сағат бұрын
Семсерлесуден ерлер арасында әлем кубогының кезеңі аяқталды
Фото: Қазақстан ҰОК
Хайденхайм қаласында (Германия) семсерлесуден ерлер арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы командалық жарыста ширек финалға дейін жетті. Турнир барысында отандық семсерлесушілер Португалия мен Германия құрамаларын жеңді. Алайда 1/4 финалда Швейцарияға жол берді. Нәтижесінде ұлттық құрама алтыншы орынға тұрақтады.
Ел намысын Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғады.
Жарыста Франция құрамасы жеңіске жетті. Оңтүстік Корея күміс медаль иеленсе, Нидерланд құрамасы қола жүлде еншіледі.
Айта кетейік, жекелей сында Руслан Курбанов алтын медаль жеңіп алды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!