4 күн бұрын
Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы атанды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық дода Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатыр.
Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұығырының бірінші сатысына көтерілді.
Ол 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй иеленді. Үздік үштікті Абдулла Жасим Әли (БАӘ) түйіндеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»