4 сағат бұрын
SWAT Challenge жарысында Қазақстанның екі құрамасы үздіктер қатарынан көрінді
БАӘ-де арнайы жасақтар үшін Олимпиада саналатын SWAT Challenge жарысында Қазақстан намысын қорғаған командалар топ жарып, қазақ жауынгерлерінің мықтылығын әлемге дәлелдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жарыста Қазақстан С құрамасы бірінші орынды иеленсе, одан кейінгі орынға Қазақстан А құрамасы жайғасты. Үздік үштікті Қытай жауынгерлері қорытындылады.
Жарыс барысында 48 елдің күштік құрылымдарынан келген 109 арнайы жасақ командасы бақ сынады. Жарыста Қазақстанның барлық төрт командасы үздік ондықтың қатарына енді.
Қазақстан командаларының құрамында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ҚР Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік қызметкерлері өнер көрсетіп жатыр.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!