3 күн бұрын
Kazakhstan — UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің жеңімпазы
Дубай қаласында өткен UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі мәресіне жетті. Биылғы жарысқа әлемнің 48 елінен 109 команда қатысып, бес күн бойы арнайы операциялар бойынша шеберліктерін сынады.
Қазақстан атынан «Kazakhstan A», «Kazakhstan B», «Kazakhstan C», «Kazakhstan D» командалары және «Kazakhstan Tomiris» әйелдер құрамасы өнер көрсетті.

Жарыстың қорытындысы бойынша «Kazakhstan C» командасы жалпы есепте топ жарып, турнир жеңімпазы атанды. Ал «Kazakhstan A» командасы екінші орын иеленді.
Бесінші күнгі кедергілер жолағында «Kazakhstan B» командасы бірінші орын алса, «Kazakhstan A» үздік бестікке енді.

Жалпы рейтингте қазақстандық командалардың көрсеткіштері төмендегідей:
• «Kazakhstan B» — 8 орын;
• «Kazakhstan Tomiris» — 18 орын;
• «Kazakhstan D» — 20 орын.

Қазақстандық арнайы бөлімшелердің бұл жетістігі олардың жоғары кәсіби дайындығын және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»