3 күн бұрын
Велоспорттан Азия чемпионы елге оралды
Бүгін Астана қаласының халықаралық әуежайында Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған елордалық спортшы Күйтенов Мұратты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Жас чемпионды достары, туған-туыстары, сондай-ақ қалалық №6 велоспорт мектебінің басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы күтіп алды.
Күні кеше ғана аяқталған құрлық біріншілігінде Күйтенов Мұрат жасөспірімдер арасында жоғары нәтиже көрсетіп, екі бірдей алтын медаль иеленді. Атап айтқанда, ол командалық эстафета мен топтық жарыста қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанды.
Айта кетейік, аталған құрлықтық додаға 25 мемлекеттен 600-ден астам спортшы қатысқан.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов