2 күн бұрын
Шаңғышы Йоханнес Клебо Милан Олимпиадасындағы үшінші алтынын алды
29 жастағы норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындары аясында ерлер арасында еркін стильде 10 км қашықтыққа жекелей старттағы жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол қашықтықты 20.36,2 уақытта бағындырды.
Екінші орынды француз Матис Делож (+4,9) иеленсе, үздік үштікті тағы бір норвегиялық Эйнар Хедегарт (+14,0) түйіндеді.
Осы жеңісінің арқасында Йоханнес Клебо Олимпиададағы алтын медаль саны бойынша норвегиялық аңыздар Бьорн Дэли, Марит Бьорген және Уле-Эйнар Бьорндаленнің деңгейіне жетті. Аталған спортшылардың әрқайсысының қоржынында сегіз алтын медальдан бар.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов