2 күн бұрын
Стенд атудан Қазақстан Grand-Prix Amir Cup турнирінде 6 жүлде еншіледі
Қатар мемлекетінің астанасы Дохада стенд атудан Grand-Prix Amir Cup халықаралық жарысында Қазақстан командасының спортшылары тағы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жолы отандастарымыз жасөспірімдер санатындағы трап жаттығуында олжалы болды. Жүлдегерлер:
Алтын: Лейла Шантекова
Күміс: Аяулым Жабагиева
Күміс: Асылхан Айсалбаев
Осыған дейін скит бағдарламасында біздің мергендер 3 жүлде жеңіп алған. Нәтижесінде Қазақстан қоржынында 6 медаль (2 алтын, 3 күміс, 1 қола) бар. Айта кетейік, дәстүрлі турнирде ел намысын 36 спортшы қорғады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов