6 сағат бұрын
Пара шабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Сауд Арабиясында өтіп жатқан шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, құрлықтық додадағы медаль есебін сәтті бастады.
Халықаралық деңгейдегі беделді жарысқа Азияның жетекші құрамалары қатысуда. Бәсекенің жоғары деңгейіне қарамастан, қазақстандық спортшылар өздерінің кәсіби дайындықтарын, шеберліктерін және жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.
Бұл жетістік – елімізде пара спортты жүйелі дамыту, спортшыларды жан-жақты қолдау және халықаралық ареналарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Жарыс алдағы күндері де жалғасады, ал ұлттық құрама өкілдері медаль қорын толықтыруға ниетті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»