Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Елімізде керлинг спортын дамыту мәселесі талқыланды

Елімізде керлинг спортын дамыту мәселесі талқыланды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстан Республикасының керлингтен чемпионаты аясында Қазақстан керлинг, напольді керлинг және петанк федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларымен, сондай-ақ өңірлік филиалдар мен федерациялардың 10 өкілінің қатысуымен жиналыс өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жиынға бірінші вице-президент Серік Жарасбаев төрағалық етті.

Кездесу барысында ұлттық құраманың басшысы Гаухар Үмбетбаева 2025 жылы керлингтен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының көрсеткен нәтижелері туралы есеп беріп, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды.

Жиында өңірлердегі аға жаттықтырушылар тарапынан керлинг спортын дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Атап айтқанда, спорттық резервті қалыптастыру, болашағы зор спортшыларды іріктеу және жергілікті жерлерде дайындық деңгейін күшейту мәселелеріне баса назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу және пысықтау, сондай-ақ өңірлерде керлинг спортын дамытуға қажетті басым бағыттарды айқындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ұйымдастырушылық күн тәртібі аясында федерация президентінің және бас хатшысының міндетін уақытша атқарушылар тағайындалды. Сонымен қатар 2029 жылы Алматы қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарына дайындық мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша негізгі бағыттар бойынша ұсыныстар әзірленіп, федерация тарапынан қажетті ұйымдастырушылық сүйемелдеу мен жан-жақты қолдау көрсетілетіні атап өтілді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»