Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Астанада пара пауэрлифтингтен ел чемпионаты өтеді

Астанада пара пауэрлифтингтен ел чемпионаты өтеді

23 ақпанда  Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен ел біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыста 17 өңірден 130-дан астам спортшы 22 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. 

Чемпионатта үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама қатарына жасақталатын болады. Оған қоса, аталмыш бәсеке сәуір айында Бангкок қаласында (Тайланд) өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен  Қазақстан Республикасының чемпионаты 27 ақпанға дейін жалғасады.




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»