Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Спорттық гимнастикадан Нариман Курбанов әлем кубогында жүлде алды

Спорттық гимнастикадан Нариман Курбанов әлем кубогында жүлде алды

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Курбанов 2026 жылдың алғашқы әлем кубогында жүлделі болды


Германия Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 2026 жылдың алғашқы әлем кубогында Қазақстан қоржынына медаль түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленді. Отандасымыз финалда 14.933 балл жинады. Тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдрысов ақтық сында 4-сатыға жайғасты (14.933 ұпай). 

Тұтқалы ат снарядындағы жүлдегерлер: 

1. Габриэле Таргетта (Италия) 15.000

2. Мамикон Хачатрян (Армения) 14.966

3. Нариман Курбанов (Қазақстан) 14.933


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»