5 сағат бұрын
Қазақстандық таеквондошылар Болгарияға аттанды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан құрамасы таеквондодан Болгарияның София қаласында өтетін Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған жарысқа 30-дан астам елден 1 269 спортшы қатысады. Сондай-ақ бұл жарыста Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі таеквондошылары сынға түседі.
Турнир үш жас санатын - жасөспірімдер, жастар және ересектерді қамтиды. Бұл дода қазақстандық спортшылар үшін 2026 жылғы алғашқы ресми турнир болмақ.
Айта кетейік, турнир 27-28 ақпан аралығында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»