Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстан таеквондошылары Bulgaria Open-2026 турнирінде бақ сынайды

Қазақстан таеквондошылары Bulgaria Open-2026 турнирінде бақ сынайды

Қазақстан таеквондо құрамасы 27-28 ақпан күндері Софияда өтетін Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде өнер көрсетеді. Болгариядағы додаға ұлттық құраманың барлық бірінші нөмірлі спортшылары қатысады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 30-ға жуық елден мыңнан астам спортшы жиналады. Сайыстар кадеттер, жасөспірімдер және ересектер арасында өтеді.

Қазақстан құрамасы World Taekwondo ұйымының аясындағы рейтингілік турнирлерге тұрақты түрде қатысып келеді. Айта кетейік, 2026 жылғы таеквондодан Гран-при финалдық кезеңі Алматы қаласында өтеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»