Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Кристина Шумекова конькимен жүгіруден Германиядағы әлем чемпионатында топ жарды

Кристина Шумекова конькимен жүгіруден Германиядағы әлем чемпионатында топ жарды

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз Кристина 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты. Бұл көрсеткіш спортшының жаңа жеке рекордына айналды.

Күміс жүлдені канадалық Джулия Снелгров (38,78) иеленсе, қола медаль польшалық Виктория Дабровскаға (38,96) бұйырды.

Аталған қашықтықта Қазақстан намысын қорғаған өзге спортшылар да бақ сынады: Анастасия Беловодова 12-орынға тұрақтады, Варвара Глухова 13-сатыға жайғасты. Алина Шумекова 30-нәтиже көрсетсе, Айзада Рымбек 54-орынмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы 500 метрлік спринтте 2010 жылғы жасөспірімдер әлем чемпионатында Екатерина Айдова Қазақстанға алтын медаль сыйлаған болатын.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»