Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова 2 дүркін әлем чемпионы атанды

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова 2 дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германиядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

500 метр қашықтықтағы жеңісінен кейін отандасымыз 1500 метрде де үздік атанды. Шумекова бұл қашықтықты 1:56.06 уақыт көрсеткішімен аяқтап, жеке рекордын жаңартты.

Күміс жүлде 1:56.36 нәтижесімен австриялық Джанин Роснерге бұйырса, жапониялық Аяно Секигучи (1:57.97) қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова дәл осы чемпионатта 500 метр қашықтықта да жеке рекордын тіркеп, алтын медаль жеңіп алған болатын. 


Жарайсың, Кристина!

Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»