5 сағат бұрын
Таэквондодан Қазақстан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Қазақстан жастар құрамасы Түркістан облысындағы «Alma Tau» спорт базасында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жиын сәтті өтіп жатыр және 4 наурызға дейін жалғасады.
Оқу-жаттығу жиынына еліміздің әр өңірінен 52 спортшы мен 18 жаттықтырушы қатысуда.
Құраманың аға жаттықтырушылары — Айтжан Алдабеков пен Ким Ёнг Ро — жетекшілігімен жас таеквондошылар сәуір айында Ташкент қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын бастады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»