Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

14 сағат бұрын

Таеквондодан Қазақстан – үздік үштікте

Таеквондодан Қазақстан – үздік үштікте

Софияда өткен халықаралық Bulgaria Open 2026 таеквондо турнирінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте үздік үштікке кірді.

Жарыстың екінші күнінде даянгке кадеттер мен жасөспірімдер шықты. Қазақстан спортшылары үш алтын және екі қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлде иегерлері:

  • Нұралы Шералы (37 кг дейін, кадеттер),
  • Арслан Қабдош (53 кг дейін, кадеттер),
  • Маржан Нұржанова (42 кг дейін, жасөспірімдер).

Қола медальді:

  • Сұлтан Цай (65 кг дейін, кадеттер),
  • Көркем Серікбай (41 кг дейін, кадеттер) иеленді.

Турнирге 56 елден спортшылар қатысты. Кадеттер арасында 243, ал жасөспірімдер санатында 381 таеквондошы бақ сынады. Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша Қазақстан үздік үш команда қатарына енді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»