12 сағат бұрын
Қазақстан командалық спринтте әлем чемпионы атанды
Германияның Инцелл қаласында өткен жастар арасындағы коньки жарысы чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринт жарысында жеңімпаз атанды.
Қазақстандық спортшылар 1:28.77 нәтижесімен алтын медальға қол жеткізді. Команда құрамында Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова өнер көрсетті. Күміс медальді поляк спортшылары (1:28.94), ал қола жүлдеге канадалық команда ие болды.
Еске салсақ, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп, үшінші рет әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар, ол 3000 метрде екінші орын алып, кіші көпсайыс бойынша да жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»