Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтыншы алтын жүлде түсті

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтыншы алтын жүлде түсті

Инцелль қаласында (Германия) өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Вадим Чебардаков ерлер арасындағы масс-старт бағдарламасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Шешуші финалда спортшымыз 5:29.875 нәтижесін көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын медаль түсті.

Күміс жүлдені польшалық Кирилл Пищала (5:30.010) еншілесе, қола медаль жапониялық Юта Фучигами (5:30.273) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 4 алтын жүлде және әйелдер құрамасы спринттік сайыста топ жарған еді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»