Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Астанада Есіл өзенінде дәстүрлі мұз үстіндегі жарыс өтті

Астанада Есіл өзенінде дәстүрлі мұз үстіндегі жарыс өтті

Елордада Есіл өзенінің «Атырау» көпірі маңында дәстүрлі «Самұрық» мұз үстіндегі ралли-кросс жарысы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарысты «Kazmotorsport» ЖШС кәсіпқой автошабандоздармен бірлесіп, «Астана қаласы бойынша Авто-мотоцикл федерациясы» ҚБ қолдауымен федерация президенті Анатолий Бондарьдің жетекшілігімен ұйымдастырды.

Биыл жарыс жолына Астана, Щучье, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Омбы қалаларынан келген 35 экипаж шықты.

Жарыс «ICE-Pro Алдыңғы жетек», «ICE-Pro Артқы жетек» және «ICE-Pro Толық жетек» санаттары бойынша өтті.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, сондай-ақ есірткіге қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында ұйымдастырылды.

Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Жандос Сейтеновтің айтуынша, мұндай бұқаралық әрі тартымды спорттық шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда тиімді құрал саналады.

«Спорт пен ауқымды, әсерлі іс-шаралар арқылы біз жастардың санасында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастырып, салауатты өмір салты құндылықтарын дәріптейміз. Мұндай алдын алу форматы көпшілікті біріктіріп, олардың қызығушылығына сай тілде үн қатады», – деді ол.

Елорда тұрғыны Әмірәли мұз үстіндегі жарысты алғаш рет тамашалағанын айтты.

«Шынымды айтсам, қатты әсер алдым: көліктер көп, драйв пен атмосфера ерекше! Баршаға тегін әрі қолжетімді болғаны қуантады. Осындай іс-шаралар жиірек ұйымдастырылса екен. 

Қысқы ралли, меніңше, Астананың нағыз қысқы қала ретіндегі бейнесін ерекшелей түседі», – деді ол.

Айта кетейік, «Самұрық» жарысы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді және елдегі ең танымал қысқы автоспорттық додалардың бірі саналады. Ол жыл сайын Қазақстанның түрлі өңірлері мен көршілес елдерден келген қатысушылар мен жанкүйерлердің басын қосады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»