Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Базарда сауда жасаған Олимпиада жүлдегері Шымкентте жаңа қызметке келді

Базарда сауда жасаған Олимпиада жүлдегері Шымкентте жаңа қызметке келді

Фото: Olympic.kz

2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жазира Жаппарқұл 1993 жылы 22 желтоқсанда Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Олимпиадада күміс жүлдегер атанған ол 2014, 2015 жылдары әлем чемпионатында алтын алды. 

Сондай-ақ 2010 жылы жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілді. 

Айта кетсек, өткен жылдары Жазира Жаппарқұлдың Шымкентте базарда саудамен айналысқаны айтылған еді. Ол өзіне тиесілі сауда нүктесін басқарып отырғанын көпшілікке жеткізді. 


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»