Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Спорттық гимнастикадан 5 отандасымыз Бакудағы әлем кубогының финалына шықты

Спорттық гимнастикадан 5 отандасымыз Бакудағы әлем кубогының финалына шықты

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының 2-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кешегі іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың екі спортшысы өз жаттығуында ТОП 8-ге кіріп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Еркін жаттығуда Милад Карими 14.433 ұпай жинап, іріктеуді 1-орында аяқтады. Дмитрий Патанин қос сырық бағдарламасында 8-сатыға тұрақтады (13.266 балл). 

Бүгін тұтқалы ат снарядында Зейнолла Ыдрысов іріктеуде 1-орын (14.300 балл), ал Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов 3-орынмен (14.166 балл) финалға өтті. 

Сондай-ақ керме жаттығуында Милад Карими 3-ші (14.433 ұпай), тағы бір тәжірибелі отандасымыз Диас Тойшыбек (13.700 ұпай) 4-ші көрсеткішпен шешуші сынға шықты. 

Әйелдер арасындағы іріктеуге біздің команда өкілдері Эвелина Ежова мен Радмила Тарасова қатысты. Алайда олар ақтық сынға жолдама ала алмады. 

Финалдар сенбі мен жексенбіде өтеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»