1 күн бұрын
Найманбаев Power Slap турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық спортшы Закир Найманбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен Power Slap 18 турнирінде жеңіске жетті.
Отандасымыз бұл жекпе-жекте америкалық Уэс Менаға қарсы шықты. Ауыр салмақтағы рейтингте Найманбаев алтыншы орында болса, қарсыласы төртінші сатыда тұрған. Соған қарамастан, қазақстандық спортшы кездесуде басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Найманбаев бұған дейін қараша айында өткен турнирде америкалық Дориан Переске төрешілер шешімімен жол берген болатын.
Еске салайық, Power Slap лигасының негізін UFC президенті Дана Уайт қалаған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»