Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

24 сағат бұрын

Бес қазақстандық гимнаст Бакуде жүлде үшін таласады

Бес қазақстандық гимнаст Бакуде жүлде үшін таласады

Қазақстанның спорттық гимнастика құрамасы спортшылары Спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі турнирінің финалына жолдама алды.

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан жарыста Қазақстаннан бес гимнаст іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға шықты.

Керме жаттығуларында Милад Карими іріктеуді үшінші орынмен аяқтаса, Дияс Тойшыбек төртінші нәтиже көрсетіп, финалға өтті.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Идрисов іріктеуде бірінші орын алды. Ал Нариман Курбанов үшінші орынмен финалға жолдама алды.

Сонымен қатар, Милад Карими еркін жаттығуларда іріктеудің үздік нәтижесін көрсетіп, тағы бір финалға шықты. Ал Дмитрий Патанин қоссырықтағы жаттығуда сегізінші орын алып, финалдық кезеңге өтті.

Әлем кубогы кезеңінің финалдық жарыстары 7–8 наурыз күндері өтеді. 



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»