Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

24 сағат бұрын

Түркістанда асық атудан Әлем кубогы өтеді

Түркістанда асық атудан Әлем кубогы өтеді

Асық атудан Әлем кубогы 19–21 наурыз күндері Түркістан қаласында өтеді.

Халықаралық додаға әлемнің он елінен спортшылар қатысады деп күтілуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 400 000 теңгені құрайды.

Турнирде Қазақстан намысын бірнеше спортшы қорғайды. Олардың қатарында Амандос Айтқұлов, Нұрбек Асанқұл, Сания Әскер және Айдана Есембекова бар.

Жарыс барысында спортшылар бірнеше дисциплина бойынша сынға түсіп, Әлем кубогының жүлделерін сарапқа салады. Турнир ұлттық спорт түрін халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған. 



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»