Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

23 сағат бұрын

Карими Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде иеленді

Карими Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде иеленді

Милад Карими Спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Баку қаласында өткен жарыста қазақстандық спортшы еркін жаттығулардың финалында 14.300 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Алтын медальді 14.533 ұпаймен Егор Шарамков жеңіп алса, үшінші орынды 14.200 ұпаймен жапониялық Кадзуки Минами иеленді.

Айта кетейік, Милад Карими еркін жаттығулардың финалына іріктеу кезеңінде бірінші нәтижемен шыққан болатын. Сондай-ақ ол кермедегі жаттығуларда да жүлде үшін бақ сынайды.

Милад Карими — 2024 жылғы Азия чемпионы, 2021 жылғы жазғы Универсиаданың жеңімпазы (кермедегі жаттығу) және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (еркін жаттығулар). 



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»