7 сағат бұрын
Асылхан Асан Еуропа кубогында топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Швейцарияның Айроло елді-мекенінде фристайл-акробатикадан Еуропа Кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда XXV қысқы олимпия ойындарында бақ сынаған Ұлттық құрама спортшысы Асылхан Асан жоғары шеберлік танытып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол финалда 99.84 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштік келесідей:
Асылхан Асан (Қазақстан) 99.84 ұпай;
Роман Бондарчук (Украина) 99.45 ұпай;
Эллиот Примо (Канада) 93.76 ұпай.
Айта кетейік, Айролодағы кезең 8 наурызға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»