6 сағат бұрын
Шорт-тректен әлем чемпионатына кімдер барады?
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
13-15 наурыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, байрақты бәсекеге Қазақстан командасы да аттанды. Назарыңызға спортшылар тізімін ұсынамыз:
Ерлер - Абзал Ажгалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Айбек Нәсен;
Әйелдер - Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева, Яна Хан, Малика Ермек.
Бүгінде жарысқа 40-қа жуық мемлекеттің 200-ден астам спортшысы тіркеліп үлгерді.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Бейжіңде, 2024 жылы Роттердамда өткен әлем чемпионатында отандасымыз Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс жүлдегер атанған. Бұл Қазақстанның әлем чемпионаттары тарихындағы қос жүлдесі саналады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»