6 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер эстафетасы қандай нәтиже көрсетті?
Контиолахти қаласында (Финляндия) биатлоннан Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі аяқталды.
Жарыстың соңғы күні әйелдер арасындағы 4×6 шақырымдық эстафета өтті. Қазақстан құрамасының сапында Дарья Климина, Милана Генева, Айша Ракишева және Лаура Киныбаева өнер көрсетті.
Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 19-орынға ие болды. Эстафетада жеңіс Швеция құрамасына бұйырды. Екінші орынды Франция иеленсе, үздік үштікті Норвегия түйіндеді.
Айта кетейік, биатлоннан Әлем кубогының келесі кезеңі Отепя қаласында (Эстония) өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»