Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

22 сағат бұрын

Cадақ атушыларымыз халықаралық турнирде топ жарды

Cадақ атушыларымыз халықаралық турнирде топ жарды

Өзбекстанның Ташкент қаласында дәстүрлі садақ атудан Tashkent International Traditional Archery Competition халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарысқа Түркия, Малайзия, Кипр, Өзбекстан, Ресей және өзге де елдерді қоса алғанда жеті мемлекеттен келген спортшылар қатысып, Qalqon Target және Anor Target нысаналары бойынша бақ сынады.

Халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшылары жекелей сындарда жоғары нәтиже көрсетті:

1-орын. Тапенов Ербол — «Қалқан» нысанасы, 50 метр

2-орын. Батихан Айкөркем — «Қалқан» нысанасы

3-орын. Батихан Айкөркем — «Анор» нысанасы

3-орын. Ахметов Диас — «Қалқан» нысанасы, 50 метр


Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, үшінші орын Қырғызстан спортшыларына бұйырды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»