7 сағат бұрын
Ақмарал Ерекешева Alem Cup турнирінде топ жарды
Көркем гимнастикадан Астанада өтіп жатқан Alem Cup турнирінде ересектер арасындағы көпсайыстың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Айта кетейік, жасөспірімдер арасында 2 дүркін әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы халықаралық додаға алғаш рет қатысып жатыр.
Жүлдегерлер 8-9 наурыз күндері шығыршық, доп, ұршық және лента сайыстарының жалпы ұпай қорытындысы арқылы анықталды.
1-орын. Ақмарал Ерекешева - 112.350 ұпай
2-орын. Айым Мейіржанова - 110.300
3-орын. Виола Селла (Италия) - 106.650
Ертең спортшылар жеке сайыстар бойынша сынға түседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов